Жұмыстарыңызда ешқандай мәселе жоқ па сонда? Бектенов QazaqGaz басшысына ескерту жасады

image.png 

QazaqGaz ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Санжар Жаркешовтің  Үкімет отырысында жасаған баяндамасы Олжас Бектеновке ұнамай қалды. Тек оң нәтижелерді баяндаған  басқарма төрағасына  Үкімет басшысы  ескерту жасады деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі.

"Жұмыстарыңызда ешқандай мәселе жоқ па сонда? Тек қана жұмыстың оң нәтижелерін көрсеттіңіз. Проблемалық мәселелерді көбірек айту қажет. Жарыққа шығарып, талқылау қажет. Бар ма мұндай мәселе?, — деп сұрады Премьер-министр.

Жаркешов Қашаған зауытындағы баяу жұмыс туралы айтты.

Қашағандағы өңдеу зауытының мәселелері болды. Оның құрылыс жұмыстары баяу жүрген еді. Қазіргі таңда басқа мердігер келгелі бері құрылыс мәселе шешіліп, 100 пайыз жабдықтар Қытайдан келді. Құрылыс ұлғайтылды. Қазір белгіленген мерзімде құрылысты аяқтауды жоспарлап отырмыз, — деді Санжар Жаркешов.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жұмыстарыңызда ешқандай мәселе жоқ па сонда? Бектенов QazaqGaz басшысына ескерту жасады
  • Түркістанда Қасым-Жомарт Тоқаев пен Гурбангулы Бердімұхамедовтің бейресми кездесуі өтеді
  • Ипотекадағы пәтерді жалға берушілерге айыппұл салынуы мүмкін
  • Депутаттар эндаумент-қорлар туралы заң жобасын мақұлдады
  • Өзбекстан көрермендері енді Қазақстанның телеарналарын тамашалай алады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер