2022 жылы әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырды деп 4 жылға бас бостандығынан айырылған блогер Мұрат Әбділда өткен жылы 9 қыркүйекте мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан болатын. Алайда сот оның ісін қайта қарады деп жазады rgmedia.kz тілішісі. Сауран аудандық полиция бөлімі сотталушыны мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жойып, жазаның қалған өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстыруды сұраған. Бұған себеп Мұрат Әбділда профилиактикалық есепте тұрғанына қарамастан, 2024 жылы ортақ пайдалану орнын ластағаны үшін ӘҚБтК 434-2 бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапқа тартылып, оған айыппұл салынған. Сонымен қатар, 2025 жылдың ақпан-наурыз айларында 5 рет тіркелуге келмеген және 4 рет түнгі уақытта тұрғылықты мекенжайында болмаған.
Сол себепті Түркістан қаласының ауданаралық соты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігімен 2022 жылы сотты болған блогерге қатысты ұсынымды қарап шықты.
"Сот қаулысымен Түркістан облысы полиция департаментінің Сауран аудандық полиция басқармасының ұсынымы қанағаттандырылды. Ер адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күші жойылып, жазаның қалған өтелмеген бөлігі 2 жыл 11 күнін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға ауыстырылды. Ер адам сот залынан қамауға алынды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ, - делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта