Қарин: «Таза Қазақстан» экоакциясының идеологиясы — тазалық пен тәртіпті сақтау

image.png

Бүгін елордада «Таза Қазақстан» жалпыұлттық науқаны аясында сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бір топ мүшелерімен бірге ағаш отырғызды.

Оның сөзінше, «Таза Қазақстан» акциясы бір жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынды. Жұртшылық бұл бастамаға бірден қолдау көрсетті. Мемлекеттік кеңесші «Таза Қазақстанның» экологиялық акция ғана емес екенін, оның бүгінде азаматтарымыздың мінез-құлқы мен ой-өрісіне ықпал ететін идеологияға айналып келе жатқанын атап өтті.

— Бұл идеологияның түпкі мәні — тазалық пен тәртіпті сақтау, табиғатты аялау, мәдениетсіздікке, вандализмге және қоғамдық тәртіпті бұзуға қарсы күрес. Осылайша, «Таза Қазақстанды» қалыптасып келе жатқан жаңа қоғамдық этиканың бір жарқын көрінісі деуге болады, — деді Қарин.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қылмыс саны 11%-ға азайды – ҚР ІІМ
  • Қазақстандықтар Астана күніне орай неше күн демалады?
  • Сенат рақымшылық жасау туралы заңды мақұлдады
  • Ішкі істер министрі Кәрім Мәсімовтың қазіргі жағдайын айтты
  • 146 талапкер ҰБТ-дан шеттетілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер