Ресейден электр қуатын қымбатқа алып отырмыз – Энергетика министрі

image.png

Мәжілісте электрмен жабдықтау жүйесін жетілдіруге арналған жиын өтіп жатыр. Осы жиында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов тапшылық салдарынан Қазақстан Ресейден тоқты аса қымбат бағаға сатып алып отырғанын айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

— Біз қазір электр энергиясының дефициті барын мойындауымыз керек. Екі жыл бұрын дәл қазіргідей қажеттілік қатты сезілмейтін. Бүгінгі таңда сағатына 2 млрд КВт-қа дейін жетпей жатады. Біз оны Ресей тарапынан сатып алып отырмыз. Шын мәнінде, сатып алу құны кейде тіптен өте жоғары болып кетеді. Себебі біз кей жағдайда тоқ ең көп қажетті кезеңде сатып алып жатамыз. Баға да сол себептен артып кете береді. Баға келешекте тіптен жоғары болып кетпеу үшін өз генерациямызды дамыту керек. Инвестор болмаса, мемлекет тағы да Ұлттық қорға жүгінеді. Оның үстіне жоба үлкен капиталды қажет етеді. Жаңа энергетикалық блоктарды салу үшін 700-800 млн доллардан 1 млрд долларға дейін қаражат керек. 2 млрд КВт қажеттілікті жабу үшін бізге қуаты 540 МВт болатын 3-4 блокты іске қосуымыз керек. Осынша соманы Ұлттық қордан алып жатсақ не болатынын есептей беріңіз, — деді министр.

Сондай-ақ, қазір әлемдік нарықта инвестицияға талас қатты екенін айтты.

— Қазір бүкіл әлем инвестициялар үшін күресіп жатыр. Өзбекстанда инвестиция тарту үшін әр жобаға мемлекет басшысының қолы қойылады. Инвестицияларды тарту ісін олар сондай деңгейге дейін көтеріп тастады. Президенттің өзі бұл мәселеге жіті назар аударады. Ал бізде жауапкершілік әр министрде. Сол себепті энергетика сияқты капиталды қажет ететін инвестиция тартудың маңызы зор деп есептейміз, — дейді Ерлан Ақкенженов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер