Қазақстан шетелге қандай өнімдерін экспорттайды?

image.png

Қазақстан шетелге қандай өнімдерді экспорттайды және қандай өнімдерге сұраныс көп? Бұл сұраққа Экспортты ілгерлету департаментінің директоры Бауыржан Болғанисов  жауап берді  деп хабарлайды rgmedia.kz  тілшісі.

"Ең бірінші Қытай халық республикасына экспорт жасаймыз. Өйткені ол жақта біздің өнімдерге деген сұраныс жоғары деңгейде. Біздің тауарларымыз экологиялық таза болып есептеледі. Екіншіден, Парсы шығанағы жағы, яғни БАӘ және Сауд Арабиясы елдерімен сауда байланысымыз бар. Үшінші бағыт - Еуропа елдері. Олардың ішкі өнімді қорғауы өте жоғары, сол себепті Еуропа нарығында Қазақстан өнімі пайда болғаны өте жоғары көрсеткіш деп санаймын. Төртінші бағыт - ТМД елдері, - дейді ол ОКҚ-да өткен брифингте.

Болғанисовтің сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстан өнімді шетелде ілгерілету үшін электрондық алаңдарды белсенді пайдаланып жатыр. Атап айтқанда, Азиядағы ең ірі B2C алаңдарының бірі Қытайдың JD.com платформасында 14 қазақстандық кәсіпорын ұсынылған. Сонымен қатар, Еуропа елдерінің, БАӘ-нің қосымшаларымен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталуда.

"Аралтұзы Ресей Федерациясында "славянка" деген атаумен шығады. Яғни түсі мен атауы өзгеріп, ребрендинг жасалды десе болады. Көрші елде су өнімдерімізде де көптеп сатылып жатыр. Маусым болған кезде көкеністердің бәрі сол жаққа тасымалданады, - дейді департамент басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер