Қорғаншылық органдары жеке басқарма болып құрылады — ҚР Оқу-ағарту министрлігі

image.png

ҚР Үкіметі жергілікті атқарушы органдардың базалық құрылымына Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар мен бөлімдерді енгізу туралы шешімді қолдады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

— Қорғаншылық органдары жергілікті атқарушы органдардың қолданыстағы штаттық шегі аясында құрылады. Белгіленген нормативке сәйкес, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман тағайындалады. Бұл бастама арқылы балалардың толыққанды қамқорлықта болуын қамтамасыз етуге бағытталған жүйе негізін құру көзделген. Осы ретте Оқу-ағарту министрлігі қорғаншылық органдарының мамандарына арналған оқыту тренингтерін ұйымдастырып жатыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Конституция жобасына соттан тыс тұрғын үйден айыруға, шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер