Елімізде енді жемқорлардың туыстарының мүлкі тәркіленуі мүмкін

image.png

Енді Қазақстанда мемлекеттің, халықтың ақшасын жымқырғандардың ғана емес олардың туыстарының да  мүлкі тәркіленуі мүмкін.   Бұл  туралы Мәжіліс депутаты Марат Башимов фейсбук парақшасында жазды. Депутаттың айтуынша ол "Кеңейтілген тәркілеуге" негіздеме көрсетілген хатты бас прокурор Берік Асыловқа жолдаған.  

"Жақында Мәжілісте ақшаны жылыстатуға қарсы маңызды заң жобасы бірінші оқылымға шығарылады. Оған ФАТФ (Ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы – еск.) халықаралық ұйымы ұсынған 100-ге жуық түзету мен құқықтық нормалар енгізілді. "Кеңейтілген тәркілеу" институты еліміз үшін аса маңызды. Мұндай көлемде ұрлық әлемнің ешбір елінде болмаған. Сондықтан осы мәселе бойынша Бас прокурор Берік Асыловқа қолдау көрсету туралы хат жолдадым", – деген депутат  әлемнің көптеген елдерінде енгізілген ФАТФ ұсынымдары біздің елде қолдау таппағанын айтты. 

"Қазір бұл норма болмағандықтан және активтер үшінші тұлғаларға аударылып қойғандықтан, көп адам жауапкершіліктен сытылып кетіп жатыр, олардың мүлкі толық тәркіленбейді. Ал сотталған адам алаңсыз "отырады", себебі үшінші тұлғаларға, туыстарына, көңілдестеріне жазып берген дүниесін ешкім алмайтынын біледі. Ертең сол активтер мен ақшаның қызығын көреді", – дейді депутат.

Башимов сондай-ақ кеңейтілген тәркілеу тек адамның мүлікті заңды жолмен алғанын дәлелдей алмаған жағдайында ғана қолданылуы мүмкін екенін айтты.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді
  • Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы
  • Президент Жолдауы мен партия тапсырмалары қаралды
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер