«Бомбардино крокадило», «траллалеро траллаеро»: Зиянды роликтер туралы министрлік мәлімдеме жасады

image.png

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті  әлеуметтік желілерде  балалар мультфильміне ұқсас бейнерроликтердің тарап жатқанын және олардың қаншалықты қауіпті екенін ескертіп айтуда. Айтуларынша бір минутқа да жетпейтін мұндай бейнероликтердің мазмұнында жасырын деструктивті ақпарат бар деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде Brainrot  хэштегімен таралып жатқан роликтер баланың адамгершілік құндылықтарына кері әсер етіп қана қоймай, агрессивті мінез‑құлық қалыптастыруы мүмкін дейді комитет мамандары.  Brainrot сөзінің аудармасы мидың шіруі деген мағына береді екен.  Ал балалар жатқа айтып жүрген «траллалеро траллаеро» сөзінің аудармасы  "Алла — шошқа" екен.  Құлаққа сіңімді, жаттанды «бомбардино крокадило — мен Палестинадағы балаларға бомба тастағанды ұнатамын» деген фраза астыртын дыбыстық қабат ретінде енгізілген.  Бұлар мағынасы жоқ сөздер болып көрінгенімен  нағыз триггерлер. 

Осыған байланысты комитет қазіргі цифрлық жағдайда құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар пакетін әзірлеп, Мәдениет және ақпарат министрлігіне, сондай‑ақ Ішкі істер министрлігіне жолдады.

Комитет ата‑аналарға мынадай кеңес береді:

— Баланың қандай контент көріп жүргенін және кімдермен байланыс орнатып отырғанын қадағалау;

— Үнемі ашық әңгімелесіп, сыни ойлау қабілетін дамыту;

— Күмәнді видеоларды анықтаса, дереу құзырлы органдарға хабарлау.

— Саналы ата‑ананың белсенді араласуы — баланың цифрлық қауіпсіздігінің негізгі кепілі, — делінген Балалардың құқықтарын қорғау комитеті хабарламасында.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді
  • Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы
  • Президент Жолдауы мен партия тапсырмалары қаралды
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер