Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы

image.png

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстарының адам капиталын дамытуға қатысты жаңа міндеттер жүктейтіні атап көрсетілген. Мемлекет білікті мамандарды елге қайтарудың тиімді тәсілдерін ойластырып, қолданысқа енгізуі тиіс. Сонымен қатар кадр тапшылығын жою мақсатында көші-қон саясатын қайта қарау қажеттігі айқындалды.

Үкімет Ұлттық банкпен және Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігімен бірлесе отырып, зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын нығайту, зейнетақы төлемдерінің ұзақ мерзімде теңгерімді және лайықты деңгейде болуын қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыруы қажет.

Адам капиталын дамыту аясында жұмысшы мамандықтарына деген құрметті арттыру маңызды. Оларға лайықты жалақы төлеу арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие кадрларды қалыптастыру көзделуде. Бұл — мемлекетіміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі.

Министрлік пен Ғылым академиясы ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарын үйлестіру ісін белсенді түрде жүргізуі тиіс, білім мен ғылым саласын стратегиялық даму мақсаттарына сәйкес біріктіру маңызды болып отыр.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Қазақстанның көлік хабы ретіндегі рөлі күшейеді
  • Адам капиталын дамыту — экономиканы жаңғыртудың негізгі басымдығы
  • Президент Жолдауы мен партия тапсырмалары қаралды
  • Мемлекет басшысы соңғы өткен Съезден бері әлемде өте жағымсыз үрдістер белең алғанын айтты
  • «Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер