«Қазсушар» филиалдары 524 жаңа арнайы техникамен толықты

image.png

Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша «Қазсушар» РМК филиалдарын жаңа арнайы техникалармен қамту жұмысын жалғастырып жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

Бүгінге дейін кәсіпорын филиалдары 524 автокөлік пен құрал-жабдық алды. Жаңа техникалар суару каналдарын механикалық тазалауға және гидротехникалық құрылыстарды жөндеуге пайдаланыла бастады. 

Жалпы алғанда «Қазсушар» филиалдарына барлығы 757 автокөлік мен құрал-жабдық беру жоспарланып отыр. Министрлік ұсынған техникалар қатарында экскаваторлар, тиегіштер, шынжыр табанды экскаваторлар, тракторлар, тіркемелер, самосвалдар, тартқыш көліктер, автокрандар, жанармай тасымалдағыштар, қосалқы құрал-жабдықтар мен дизельді генераторлар бар.

— Жаңа техникалар вегетация кезеңінің тұрақты өтуіне жағдай жасау үшін, соның ішінде каналдардың өткізу мүмкіндігін арттыру мақсатында оларды тазалау жұмыстарына қолданылып жатыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» филиалдары жалпы ұзындығы 2 011 шақырым болатын суару каналдарында механикалық тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр, оның 780 шақырымында жұмыстар аяқталды,— деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Конституция қабылдануына байланысты бірқатар азамат мемлекеттік награда алды
  • Қазақстанның мемлекеттік басқару саласында қанша әйел бар
  • Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты шұғыл жиын өткізді
  • Қызылорда облысы экономикалық қылмыстардан 2,8 млрд теңге шығынға батты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер