Қазақстанның тау-кен металлургия саласы тұрақты өсім мен инвестицияларға ашықтық танытуда.
Қазақстан жаһандық шикізат нарығында өз позициясын нығайтып, тұрақты даму, цифрландыру және пайдалы қазбаларды барлау мен қайта өңдеуге инвестиция тарту бағытын ұстануда.
Саланың негізгі жетістіктері:
Тау-кен металлургия кешенінің ЖІӨ-дегі үлесі 8%, өндірілген өнім көлемі 14,3 трлн теңгеден, экспорт көлемі 21,4 млрд АҚШ долларынан асты.
Австралиялық модель негізінде енгізілген жер қойнауын пайдалану жүйесі геологиялық барлауға 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
Жалпы құны 3,5 трлн теңгеден асатын бес ірі инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде, нәтижесінде 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
Қазақстан титан, мыс, алюминий, ферроқорытпалар, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий сынды сирек әрі стратегиялық маңызды металдарды өндіруде әлемдік көшбасшылар қатарында.
Жер қойнауын пайдалануда айналмалы (циркулярлы) модельге көшу жалғасуда: 55 млрд тоннадан астам техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) түгендеу жұмыстары басталды.
2025 жылы елімізде тұңғыш рет вольфрам өндірісі іске қосылады, сондай-ақ ыстыққа төзімді никель қорытпалары, галлий және интерметаллидтерді өндіру технологиялары дамытылуда.
Қазақстан бай минералдық қорды заманауи инфрақұрылыммен және жаһандық тұрақты даму стандарттарымен ұштастыра отырып, халықаралық серіктестер мен инвесторлар үшін ашық, тұрақты және болжамды орта қалыптастыруда.