«Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды

image.png

ҚР Премьер-министрінің орынбасары — ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен экономиканың басым бағыттарында импортты алмастыруға, ішкі өндірісті кеңейтуге және инфляциялық қысымды төмендетуге бағытталған «Инвестицияға тапсырыс беру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша кеңес өтті. Бұл туралы Үкімет мәлім етті. 

Бағдарлама шеңберінде азық-түлік секторында 12 басым бағыт және азық-түлік емес сегментте 4 бағыт айқындалды.

«Бәйтерек „ҰИХ“ АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов хабарлағандай, 2026-2030 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жиынтық пулын қалыптастыру шеңберінде холдинг әкімдіктермен, салалық мемлекеттік органдармен және еншілес құрылымдармен бірлесіп бастамаларды біріктіру және өзектендіру бойынша кешенді жұмыс жүргізді.

Қорытындысы бойынша жалпы құны шамамен 85 трлн теңгені құрайтын 1 501 жобаның алдын ала пулы құрылды, оның ішінде агроөнеркәсіп кешенде 567 жоба, өңдеу өнеркәсібінде 464 жоба және инфрақұрылымда 458 жоба бар.

АӨК жобаларына сүт-тауарлы фермаларын салу, сүт өнімдерін қайта өңдеу, ет өңдеу кәсіпорындары, ұсақ мал бордақылау алаңдары, теріні терең өңдеу объектілері, жылыжай кешендері, жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу, қант зауыттарын салу, дәнді-бұршақты дақылдарды қайта өңдеу, көкөніс қоймалары және тағы да басқа бастамалар жатады.

— Өнеркәсіпте тоқыма кластерін құру, тұрмыстық химия өндірісі, шитті мақтаны өңдеу бойынша иіру фабрикалары мен зауыттарын салу, санитариялық-гигиеналық құралдарды, қағаз бұйымдарын, аяқ киімді, картон және композиттік қаптаманы, керамикалық плиткаларды және басқа да құрылыс материалдарын шығару, сондай-ақ тұрмыстық техниканы өндіру бойынша жобалар көзделген, — делінген хабарламада.

Осы бастамаларды жүзеге асырудың қаржылық іргетасын даму институттарының құралдарын шоғырландыруды және қаржыландыруды үйлестіруді қамтамасыз ететін «Бәйтерек „ҰИХ“ АҚ айқындайды.

Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларды «Даму» қорының, Өнеркәсіпті дамыту қорының және Аграрлық несиелік корпорацияның құралдарын пайдалана отырып, екінші деңгейдегі банктердің қаржыландырылуы ұсынылады. 7 млрд теңгеден астам ірі жобаларды Қазақстанның Даму Банкіне, Qazaqstan Investment Corporation және өзге де даму институттарына қарауға жіберу жоспарлануда.

Кеңес қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин «Бәйтерек „ҰИХ“ АҚ-ға Өнеркәсіп және құрылыс, Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесе отырып, осы жылдың наурыз айына дейін жобаларға бағалау жүргізуді, олардың бағдарламалық басымдықтарға сәйкестігін, дайындық деңгейін, қаржылық тұрақтылықты ескере отырып, әрі қарай қаржыландыру үшін тізбені оңтайландыруды тапсырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Инвестициялық тапсырыс» жобаларының алдын ала тізбесі жасалды
  • Конституция жобасына соттан тыс тұрғын үйден айыруға, шығаруға тыйым салатын норма енгізіледі
  • Еңбекке жарамсыз ата-анаға балаларының қамқорлық жасауы Конституцияда бекітілді – Ардагерлер ұйымы
  • Қазақстанда шетелдік әртістердің концертіне жаңа талаптар енгізілмек
  • Елде 400-ге жуық денсаулық сақтау субъектісі қызметін тоқтатты
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер