Отырарда жаңа спорт кешені ашылды

image_750x_5b0bdfe01bfb5.jpg

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында туған елден түлеп ұшып, еліміздің басқа облыс, қалаларында қызмет атқарып жүрген отырарлық азаматтар ауылға деген ыстық ықыластарын игілікті іспен дәлелдеді.

   Астана қаласының 20 жылдық мерейлі жылы аясында, қасиетті Рамазан айында жеке кәсіпкер Есбол Қамбаров Ақтөбе ауылында заманауи талапқа сай 240 орындық Әуесбек Қамбаров атындағы спорт  кешенін пайдалануға берді. 

Аудан әкімдігінің ұсынысын қабыл алған кәсіпкер Есбол Әуесбекұлы 1 наурыз - Алғыс айту күні мерекесіне орай құрылыс жұмыстарын бастап, болашақ спорт кешенінің қазығын қағу рәсімін өткізген болатын. Аз уақыт ішінде бой көтерген кешеннің құрылысы толығымен аяқталып, ақтөбеліктерді зор қуанышқа кенелтті. 

Спорттық нысанның ашылуына аудан әкімі Ерлан Айтаханов қатысып, елдімекен тұрғындарын құттықтады.

  «Бүгін күш атасы Қажымұқан атамыздың туған жері Ақтөбе ауылында халық игілігі үшін жасалған тағы бір жақсы істің, осы елді мекеннің балалары үшін салынып, ел игілігіне пайдалануға берілгелі жатқан игі бастаманың куәсі болып тұрмыз. Елбасымыздың  «Болашаққа  бағдар  -  рухани  жаңғыру» бағдарламасының -    Туған  жер  жобасы  аясында  ауыл  жастарына,   салауатты өмір салтын ұстану  мақсатында жерлесіміз  кәсіпкер Есбол Қамбаровтың қолдауымен салынған спорт кешені ел игілігі үшін қалтқысыз қызмет ете берсін.

Болашақта осы кешенде шыңдалған балғын спортшыларымыз халықаралық деңгейдегі жарыстарда топ жарып, Олимп шыңын бағындыратындығына сенім кәміл» деді, Ерлан Айтаханов.

Ауыл тұрғындарының алғысына бөленген жаны жомарт азаматқа ел ағалары құрметпен ер қанаты ат мінгізіп, иығына зерлі шапан жапты.

Ендігі жерде ауыл тұрғындары спорттың күрес, бокс, кіші футбол, воллейбол, баскетбол, үстел теннисі секілді бірнеше түрімен шұғылданып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосатын болады.

Спорт кешенінің ашылу рәсімінен соң тыл ардагері Әуесбек Қамбарұлын еске алуға арналған воллейболдан облыстық біріншілікпен жалғасын тапты. 

Тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өтіп жатқан турнирге облысымыздан 10 команда қатысып, бақтарын сынады.


Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер