Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды

image.png

Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасында Азия чемпионатында Нұртаң Ыдырысов алтын медаль алды.Қос сырық жаттығуында Нұртаң Ыдырысов финалда 13.933 ұпай жинап, үздік нәтиже көрсетті.

Күміс медальды Оңтүстік Корея өкілі Ча Йеджунда (13.833 ұпай) алса, үздік үштікті жапониялық Томохару Танида 13.333 ұпаймен түйіндеді.

Айта кетсек, Нұртаң бүгін жекелей сындағы 5 жаттығудың финалында сынға түсіп, 1 алтын, 1 күміс жеңіп алды.

Бұдан бұрын ат снарядындағы жаттығуда ел құрамасынан Роман Хегай төрешілердің шешімімен 13.800, Нұртан Ыдырысов 12.866 ұпаймен алғашқы екі орынды бөлісті. 

Сондай-ақ Нариман Құрбанов ат снарядындағы сайыста бас жүлде алса, Милад Карими еркін жаттығудан күміс медальға қол жеткізді. 

Оған қоса ұлттық құрама командалық көпсайыста үшінші орынға көтерілді. Құрама сапында Нұртаң Ыдырысов, Роман Хегай, Артём Ковалев, Владислав Бабушкин, Андрей Терман және Өмірсерік Досжан ел намысын қорғады.

Азия чемпионатында командалық көпсайыста қазақстандық спортшылар үшінші орынды еншілеген еді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спорттық гимнастикадан Нұртаң Ыдырысов жасөспірімдер арасында Азия чемпионы болды
  • Сәуір айының қорытындысы бойынша қазақстандық топ-10 боксшы анықталды
  • Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер