Азиада-2025: Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды

image.png

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы елімізге екінші алтын медальді сыйлады. Бұл туралы ҚР ҰОК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Біздің спортшылар синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды. Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды. Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді. Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды. Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер