Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады

image.png

Фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі, Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҰОК хабарлады. 

— Әр басталған нәрсенің өз соңы бар. Мен өз спорт түріме әуеде қалықтаудың ләззатын сыйлағаны үшін шексіз ризамын. Бұл сезімді қатты сағынатын боламын! Маған әлемді көру мүмкіндігін бергенің үшін рахмет. Рухы мықты, ерекше жандармен таныстырғаның үшін алғыс айтамын. Командама барлық еңбегі мен қолдауы үшін, сондай-ақ менің спорттық жолымда бірге жүрген барша жанға үлкен рахмет, — деді спортшы.

Жанбота Алдабергенова мансабында әр деңгейдегі 125 жарысқа қатысып: Үш қысқы Олимпиада ойындарына, сегіз әлем чемпионатына, 54 Әлем кубогының кезеңіне, төрт жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысқан.

— Жалпы, 14 рет жеңімпаз атанып, 33 рет жеңіс тұғырына көтерілдім. Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарында медаль жеңіп алу бұйырмады. Демек, Қазақстанда бұл тарихи жетістікке жететін спортшы мен емес болғаным ғой. Дегенмен, еліміздің фристайл-акробатикасына үлкен үлес қосқанымды және осы спорт түрінде әзірге ешкім жетпеген нәтижеге қол жеткізгенімді мақтанышпен айта аламын (мақтанғаным емес, бұл шындық). Мен Қазақстанда Олимпиада чемпионы шығатынына сенемін және соған үлкен үміт артамын. Ал мансабымды аяқтауымның басты себебі — өткен маусымның желтоқсанында алған жарақатым (жамбасымның шығуы). Денсаулық мен үшін қазір бәрінен маңызды, — деп жазды Алдабергенова.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Абзал Әжіғалиев түркістандық жас спортшыларымен кездесті
  • Азиада-2025: Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды
  • Тарихи алтын! Шорт-тректен Қазақстан ерлер командасы топ жарды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер