Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды

image.png

Қазақстандық Аида Әбікеева (63 келі) бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионы атанды.

Жекпе-жек барысында Аиданың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде қарсыласына көбірек соққы жұмсап, ұпай санын арттыра түсті. Төрешілер оның жеңісіне қолдау білдірді.

Осылайша Аида ел құрамасы қоржынына үшінші алтын медальды салды.

Енді ел құрамасынан Елдана Тәліпова (81 келіден жоғары) қытайлық Илян Чжанмен шаршы алаңға шығады.

Бүгін финалда Алуа Балқыбекова (50 келі) мен Назым Қызайбай (48 келі) чемпион атанды.

Ал Виктория Графеева (60 келі) әлем чемпионатында күміс жүлдегері болды.

Сондай-ақ ел құрамасынан Наталья Богданова (70 келі) қола жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатына ел құрамасында 12 боксшы аттанған еді. Олардың арасынан жарыстың түрлі сатысында Анита Адишева (52 келі), Жайна Шекербекова (54 келі), Карина Ибрагимова (57 келі), Жасмин Қизатова (66 келі), Наталья Богданова (70 келі), Надежда Рябец (75 келі), Гүлсая Ержан (81 келі) қарсыластарына есе жіберіп қойды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Абзал Әжіғалиев түркістандық жас спортшыларымен кездесті
  • Азиада-2025: Қазақстан құрамасы екінші алтынды жеңіп алды
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер