«Реалдың» жеңісіне бәс тіккен шымкенттік 17 млн теңге ұтып алды

image_750x_5b0a867d978e7.jpg

Чемпиондар Лигасының финалдық матчында Қазақстан букмекерлік кеңселерінде ең көп төлем Шымкентте тіркелді. Мадридтік «Реал» жанкүйері сүйікті футболл клубының жеңісі үшін 10 млн теңге қойған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

«Реал» жанкүйерінің тіккен бәсі ақталды. Оның ұтысы 17,1 млн теңгені құрады. Яғни, 90 минуттық матчта қосымша 7,1 млн теңге табысқа ие болды.

Бүгін Мадридтік «Реал» клубы қатарынан үшінші рет чемпиондар Лигасында жеңімпаз атанғанын хабарлаған болатынбыз. Киевте өткен турнир финалында «Реал» ағылшын клубы «Ливерпульден» 3:1 есебімен басым түсті.

Алғашқы таймда екі команда да есеп аша алмады. Ойынның 51-минутында «Ливерпуль» қақпашысы Лорис Кариустың қателігінен соң Кәрім Бензема алғашқы гол авторы атанды. 54-минутта ағылшын клубы сапындағы Сидио Мане мадридтіктерге жауап қайтарып, есеп теңестіріп үлгерді.

Матчтың 63-минутында Гарет Бейл «Ливерпуль» қақпасына кезекті голды соғып, «Реалды» алға шығарды. Футболшы ойынның 83-минутында екінші голын соғып, дубль авторы атанды.

Еске сала кетсек, «Реал» өз тарихында осымен 13-рет және соңғы үш жылда қатарынан чемпиондар Лигасында жеңіске жетіп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Абзал Әжіғалиев түркістандық жас спортшыларымен кездесті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер