Всеволод Садовский «Ордабасыдан» кетті

image.png

Соңғы үш маусым Шымкенттің "Ордабасы" клубында ойнаған 28 жастағы беларусь шабуылшысы Всеволод Садовский карьерасын Польшада жалғастырады, деп хабарлайды RGmedia.kz тілшісі 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Польшаның "Котвица" клубымен келісімшартқа отырған. "Ухо" телеграм арнасының жазуынша, футболшы командамен бірге жаттығуды бастап кеткен. Жолдастық кездесулерге де қатысып үлгерген. Садовский "Ордабасы" сапында 85 матч өткізіп, 16 гол соққан. Шымкент клубы онымен бірге 2022 жылы – ел кубогына, 2023 жылы – Қазақстан чемпионы атағына қол жеткізді. Футболшының трансферлік құны 225 мың еуро еуро (120,9 миллион теңге). 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Көркем гимнастикадан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды
  • Назым Қызайбай тарихи алтын үшін қанша сыйақы алады?
  • Үшінші алтын: Аида Әбікеева әлем чемпионы атанды
  • Жанбота Алдабергенова спорттық мансабын аяқтағанын хабарлады
  • Михаил Шайдоров Денис Теннің жетістігін қайталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер