Орталық стадионға - 45 млн. еуро

Screenshot_6.jpg

Шымкент қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен бастау алған Қазақстан Республикасының 5-ші жазғы спартакиадасы мен қатар ел чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Азия күрес федерациясының президенті, ФИЛА бюро мүшесі, даңқты палуан Дәулет Тұрлыханов, Ұлттық Олимпиада комитеті, спорт резерві дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов ашылу рәсімінде балуандарға сәттілік тіледі. Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ұйымдастырылған спартакиаданың грек-рим, еркін және әйелдер күресі түрлерінен басталған жарысқа еліміздің әр өңірінен яғни, 14 облыс, 3 қаладан жиналған 400 ден астам спортшы өз мықтылықтарын анықтайтын болады.

Осы дүбірлі доданың ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдіраxымов спорт саласына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. « Елбасының спорт пен дене шынықтыруды дамыту жөніндегі бастамалары негізінде, Шымкент қаласындағы Қажымұxан атындағы орталық стадионы ФИФА талаптарына сай толықтай жаңартылады. Футбол алаңының көгалына дейін қайта төселеді. Осы мақсатта 45 млн. еуро көлемінде қаржы жұмсалмақ. Сонымен қатар қаламызда алып спорт сарайы салынады. Ондағы ойын алаңдарымен қатар, бокс, күрес залдары және су бассейні заманауи үлгіде болады», - деді қала әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер