Түркістан облысында Ақсақ Темірдің атымен аталатын футбол командасы құрылды

news.88423.720x4071.jpg

Футболдан Қазақстан біріншілігінің екінші лигасында Түркістан облысынан тағы бір команда ойын көрсетеді. Бүл туралы RGMEDIA.KZ ақпарат агенттігі хабарлайды. 

«Темірлан» жергілікті жастардан биыл қаңтарда құрылған. Бас бапкері – Шайзидин Кенжебаев. 64 жастағы маманға Фанас Салимов пен Рахматулла Жакудаев көмекшілік жасайды. Команда Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді мекенінің атынан сынға түседі. Өз ойындарын аудан орталығындағы 1000 жанкүйер қабылдай алатын Қажымұқан атындағы стадионда өткізеді. 

«Темірлан» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Шымкент қаласында өткізді. Енді 21 ақпан мен 9 наурыз аралығында Өзбекстанда екінші оқу-жаттығу жиынына барады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Спортшы Илья Ильин сәбилі болды
  • Қазақ боксының ақыл-ойы
  • 83 жастағы Қазақстан азаматы Түркияда чемпион атанды
  • Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына қатысудан бас тартты
  • Футболдан Қазақстан чемпионаты енді OLIMPBET деп аталады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер