Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты

image.png

Мәжілісте өтіп жатқан театр өнерінің қазіргі жағдайы туралы комитет отырысында Мәжіліс депутаты Ринат Зайтов Алматыдағы танымал театрды сынға алды деп хабарлайды rgmedia.kz тілшісі. Депутаттың айтуынша Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры корпоративтік кештер өткізу үшін жалға беріліп жүрген көрінеді. 

"Алматыдағы бетке ұстар Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры кіреберісін кешкі корпоратив кештерге ашық түрде жалға беріп жатыр. Ол ақша қайда кетіп жатыр? Кіммен қандай келісімшарт жасалып жатыр? Неге Абай театрында кешкі сағат 6-дан түнгі сағат 3-ке дейін жеке кештер өтеді? Қандай заң бойынша? – деген ол өнер ошағында кімнің кеші өткенін  айта алатынын және оны дәлелдейтін фото-видео материалдарын барын айтты.

Сондай-ақ халық қалаулысы еліміздің театрларын қаржыландыру мәселесіне де тоқталып өтті. 

"Көптеген театрда қаржы бөлу әділетсіздігі байқалады. 4 млн теңге мен 12 млн теңге көлемінде меже барын айттық. Мысалы, республикалық бюджеттен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрындағы бір қойылымға ары кетсе, 10 млн теңге бөлінсе, ал "Астана балет" театрының бір қойылымына, мысалы, "От қыз" балетіне 309 млн 247 мың теңге бөлінген. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында "Хан Сұлтан. Алтын Орда" операсына 736 млн теңге бөлінген. Бұл бір қойылымға бөлінген қаржы. Осындай қаржы бөлудің арасында қандай әділеттілік болуы мүмкін?!., - деді Зайтов Мәжілістегі отырыста.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Депутат Алматыдағы бетке ұстар театрдың корпоративтік кештерге жалға беріліп жүргенін айтты
  • Ұлттық рух - өлеңдерінің негізі
  • «Ханбибінің биігі» жыр мүшайрасы мәресіне жетті
  • Ханбибі Есенқарақызының шығармашылық кеші өтті
  • Шымкентте ҚХА жанындағы аналар кеңесінің 10 жылдығы аталып өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер