Жақында Руслан Түсіпбеков атты әлеуметтік желі қолданушысы орыстың композиторы Игор Крутоймен бірігіп ән салған Димашқа деген ренішін жеткізді деп хабарлайды 365info.kz.
«Димаш, сен маған ренжи көрме, бірақ осы Ресейде не басың қалды? Ресейде жетістікке жету сен үшін арман ба еді?
Сен жаһандық деңгейдегі жұлдызсың. Сенің орның Кремльдің сахнасы емес, әсте.
Керісінше, ол жерден қаш. Табаныңды жалтырат. Менің ақылымды тыңдасаң, ендігі жерде Ресейдің ешбір жобаларына қатыспа.
Олар үшін сенің еш құндылығың жоқ. Сенің өнеріңді бағалайтын орта Ресей емес!
Ол жақта не жоғалттың, айтшы? Ресей әлемдік ән өнерінің алтынқазығы деп ойлайсың ба? Жоға!
Сосын, Крутой деген кім? Ешкім де емес. Жаһандық деңгейде елеусіз ғана біреу. Мұндай ұсақ-түйекке алданба Димаш!
Қазақстанда да қалмай-ақ қой. Алдағы 10-15 жылыңды шетелде өткер. Бағыңды шетел ашсын.
Бізде жүрсең, өсек-аяң, той-томалақтың, саяси науқандардың дырдуына түсіп деградацияға ұшырайсың. Мұның саған не керегі бар?», – дейді автор.