Әлеуметтік желіде Қазақстанның Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов орындаған тағы бір әні хит болды.
Бұл туралы «Қазақ үні» ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тасмағамбетовтың «Напрасные слова» әнін айтып тұрған видеосы оқырмандар тарапынан қолдауға ие болып, желі қолданушылары оң пікірлерін жазуда.
Еске салсақ, осыған дейін қоғам қайраткерінің «Дос керек» әні көпшіліктің көңілінен шыққан болатын. Ол туралы белгілі ақын Қазыбек Иса «Саңлақ саясаткердің сазды әні немесе миллионыншы тыңдарман болғаныма қуандым» атты мақала жазған болатын. Аталмыш мақаланы 100 мыңнан астам адам оқыған еді.
Видео мына сілтемеде: https://www.facebook.com/asel.uteshova/videos/1410845085718457/?t=0