QR - кодпен дәрігерге баға бере аласыз

Screenshot_9.png

Қазіргі уақытта қазақстандық экономиканы цифрландырудың артып келе жатқан өзектілігі әлемдік аренада еліміздің одан әрі экономикалық өсуі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетудің негізгі құралы — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. Аталмыш бағдарламада медицина саласына жа цифрлық жаңашылдықтар енгізу көзделген болатын. 

Баядарлама шеңберінде Шымкентте жедел жәрдем  қызметін бағалайтын жаңа ақпараттық жүйе ензілді. Енді  QR -код қосымшасы арқылы  103 қызметкерлері туралы толық ақпарат  алып және көрсетілген медициналық қызметті бағалауға мүмкіндік туды. Бұл үшін шақыртуға баратын жедел жәрдем қызметкерлерінің барлығының  бейджигінде QR -код қосымшасы орнатылған.   

QR - код арқылы пациент дәрігер және фельдшер  қандай оқу орнын бітірді, жұмыс өтілі, санаттылығы туралы толық ақпаратты және қызмет көрсету сапасы туралы өз пікірін қалдыра алады. Ал қызметкерлердің бейджигінде ұйымның логотипі, қызметкердің суреті, оның толық аты-жөні және атқаратын лауазымы көрсетілген. 

Жалпы үшінші мегаполисте 100 жедел жәрдем бригадасы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетеді. 103 станциясы 100 пайыз цифрлы жүйеге қосылған. Жедел жәрдем қоңырауларының барлығы біріктірілген автоматты жүйе арқылы қабылданады. Мұнан бөлек, шақыртуға баратын көліктерде  GPS-навигаторы орнатылған. 

Айта кетейік, бүгінде қаладағы 33 мемлекеттік медициналық мекемеде QR- код жүйесі іске қосылды.   Бұл бағдарлама уақытты үнемдеу, қашықтықтан құжат алмасу, жұмысты автоматтандыруға септігін тигізеді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер