Республикадағы ірі мегаполистердің бірі Шымкент күн санап «ақылды қалаға» айналып келеді. Әсіресе қала жасыл энергетикаға бет бұруда. Энергия үнемдеу мақстаныда қалада қоғамдық орындардағы жарықшамдарды энергоүнемдейтін диодты шамдарға ауыстыру жұмыстары қолға алынған. Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының берген мәліметіне сәйкес, қала бойынша 32 692 дана жарықшам бар. Оның ішінде 16 226 данасы саябақтар мен гүлзарларда, 16 466 данасы 162 көшеде орналастырылған. 2016-2017 жылдары аралығында 89 көшедегі 11565 дана жарықшам диодты шамдарға ауыстырылыпты. Нәтижеде пайдаланылған электр энергиясы 40 пайызға төмендеген. Жалпы, бүгінге дейін қала көшелеріндегі және саябақтар мен гүлзарлардағы 32 692 жарықтандыру шамының 27 791-і немесе 85 пайызы энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырылды.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу бойынша да негізгі жұмыстарды атап өтсек. Қалада ПЭТ ыдыстарды бөлек жинау қызметімен айналысатын «Тутеев» жеке кәсіпкерлігі қоқыс алаңшаларында 100 дана қосымша контейнер қою арқылы осы уақытқа дейін 40 тонна қатты қалдық жинаған. Коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының мәліметінше, Ақтас-1 елдімекеніндегі қуаттылығы жылына 200 000 тонна қоқыс сұрыптау зауыты қала әкімдігі тарапынан «Гринлайн» ЖШС-не сенімгерлік басқаруға берілген. Қазіргі таңда қоқыс зауыты іске қосылып, сұрыптау жұмыстары да басталып кетіпті. Нәтижесінде, қоқыстарды сұрыптау жұмыстары 9%-ы құрап отыр.
Елбасы Жолдауында «2030 жылға қарай біздің энергиялық баланстағы баламалы энергия үлесі 30 пайызға дейін жетуі тиіс» деген болатын. Айтулы межеге жетуге Шымкент те осылайша өз үлесін қосуда.