Өсімдіктердің тілін түсінетін Бибіжамал

image.png

Әлемде мамандықтың түрі көп. Бірі темірден түйін түйсе, екіншісі ағаштан түрлі бұйым жасайды. Енді бірі қарапайым шүберекті әдемі киімге айналдырса, енді бірі балаларға білім беріп, бірі адам жанын емдеп жатады. Мамандықтың жаманы жоқ. Тек еңбегің адал болса болғаны. Мамандық атаулының ішінде жан-жануарлар мен өсімдіктің тілін түсінетін жандардың жұмысын ерекше деп білемін. Үшінші мегаполисте әр өсімдікті «алақанында аялап», баптап, өсіретін бір маман бар. Ол Асанбай Асқаров атындағы Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағының ғылыми қызметкері -  Бибіжамал Мәлік.. Ол саябақтағы өсімдіктердің фенологиялық жағдайын бақылап, ғылыми зерттеулер жүргізумен айналысады. Мысалы, көктем мезгілінде ауа райының өзгерістерінің өсімдіктерге әсерін зерттеп, үсікке қарсы агротехникалық шараларды жүзеге асыруда. 

«Аталған саябақта ғылыми қызметкер болып  2017 жылдан баері жұмыс атқарып келемін. Бұл жердегі негізгі қызметіміз ағаш бұталарды көбейту болып табылады. Дендросаябақтың негізгі қызметіне қарай біздің қаламызда кездеспейтін, саябақ аумағында кездеспейтін жеміс тұқымынан, көшеттерін алу жұмыстарын атқарамыз. Негізгі қызметіме оралсақ табиғатпен етене тығыз жұмыс жасағандықтан көгалдандыру жұмыстарымен,  қаламыздың өкпесі саналатын дендросаябақ аумағында халықпен тікелей жұмыс жасаймыз. Денрологиялық саябақ  қалаға жақсы атмосфераны қалыптастыруға, жайлы атмосфераны ұстап тұруға,  экологиялық жағдайын тұрақтандыруға өте пайдалы.   Жалпы мен өз жұмысымды ұнатамын. Және қаламыздың экологиялық жағдайының жақсаруына қз ұлесімді қосып келе жатқанымды мақтан тұтамын.  Бұл әлемдегі ең пайдалы жұмыстардың бірі деп есептеймін»- дейді Бибіжамал Бақтыбекқызы.

Бибіжамал Мәлік дендросаябақтың тарихи маңызын да атап өтеді. 1979 жылы Асанбай Асқаровтың бастамасымен құрылған саябақ бастапқыда қоқыс үйіндісі болған аумақтан жасыл желекке айналған. Бүгінде саябақта 500 мыңнан астам ағаш пен бұта түрлері өседі, олардың ішінде экзотикалық түрлер де бар. Сондай-ақ  Қазақстанның қызыл кітабына енген өрік, іле бөрі қарақаты, кавказ таудағаны, зеравшан аршасы, недзвеция алмасы, сиверс алмасы, соғды шағаны атты 7 түрлі ағаш бар. Оған қоса сирек кездесетін 61 түрлі ағаш тіркелген. Саябақ ішіндегі тұқымбақтың жалпы көлемі 1,5 га. аумақты құрайды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Ұлттық аспапты ұлықтаған жан
  • Өмірін жан-жануардың саулығына арнап келеді
  • Нағыз еңбек диқаншылық
  • Спортты дамыту басты назарда
  • 1 миллион шымкенттік сақтандырылған
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер