Шымкент – достық мекені

Screenshot_12.jpg   

Шуақты шаһар Шымкентте де қазақпен бірлікте ғұмыр кешіп жатқан ұлт өкілдері көп.  Республикалық деңгейдегі қалалардың санатына қосылған Шымкентте қала әкімі аппараты жанынан құрылымдық бөлім ретінде ассамблея хатшылығы жұмысын бастаған болатын.   Жұмысты жүйелеу үшін мамандар алдымен этномәдени бірлестіктердің құжаттарын реттеп, оны әділет органдарына тіркетіп, қалалық асссамблея қатарына енгізді. Нәтижесінде бұрын облыстық деңгейде әрекет еткен 20 этномәдени бірлестіктің 16-сы қалалық бірлестік ретінде қайта тіркелді. Қалалық ассамблеяның жұмысын қамтамасыз ететін «Қоғамдық келісім» мекемесі өткен жылдың тамыз айында құрылып, жұмысқа кірісті. Қайта құрылған мекеме  «жастығына» қарамастан бірқатар  мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастырып үлгерді.   Атап айтқанда, Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында халықаралық «Қазақстан палауы» фестивалі және жастар контингентімен «Жастар – жаңғырудың жаршысы» лекториі, «PRодвигай себя», «Рухани келісімнің қазақстандық үлгісі» семинар-тренингтері мен «Бәріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз», «Мен қазақша сөйлеймін» акциялары өтті. Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі, Медиация кеңесі, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен блогерлер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, Ақпараттық-түсіндіру тобы мен «Қазақтану» жобасын іске асыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы жасақталып, жұмыс атқаруда.

 Қазақстан халқы Ассамблеясының Шымкент қаласындағы хатшылық меңгерушісі Мұратәлі Қалмұратовтың айтуынша «Қазақтану» жобасы қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін Қазақстан халқының қоғамдық санасына сіңіруге бағытталған. «Жоба Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Қазақстан халқын топтастырушы ортақ құндылықтарды қалыптастыру міндетін көздейді. Ол жалпыға ортақ құндылықтар ретінде қазақ халқының ұлттық тарихын, мәдениетін, философиясын, этикасын белгілеп, олардың біртұтас Қазақстан халқы арасында танымалдылығын арттыруды мақсат тұтады. Жобаны қала аумағында іске асыруда қалалық ассамблея жанынан құрамына ғалымдар, қоғам белсенділері, өлкетанушылар, мәдениет қайраткерлері, мемлекеттік орган өкілдері, белсенді жастар кіретін жұмысшы тобы құрылып, қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарының біріктіруші әлеуетін қоғамдық санаға сіңірудің бір­ыңғай жүйесін әзірледі. Бұл жоба ғылыми және шығармашыл зиялы қауым, жастар, этностық топтар өкілдері арасында жағымды қоғамдық көзқарас қалыптастырып, кең қолдауға ие болды.  «Қазақтану» жобасы негізінде «Берекелі Шымкент», «Қазақ дастарханы», «Ұлттық домбыраны сыйға тарту», «Тілге құрмет – елге құрмет» жобалары іске асты. Мұндағы басты мақсат – мемлекет құраушы қазақ ұлтының маңайына этнос өкілдерін шоғырландырып, өзара сыйластық пен ішкі бірлікті бекемдеуге бағытталатын болады»,- дейді хатшылықтың меңгерушісі.

   Қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында қалада этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдеріне арналған мемлекеттік тілді оқыту курстары ашылған.  Қазіргі таңда шаһардағы ассамблея ғимаратында этнос өкілдері аптасына екі рет мемлекеттік тілді оқып-үйренуде. Одан бөлек «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалымен бірлесе жастардың стартап жобаларын іздестіру, тұрғындарды бизнес бастамаларға баулуда шеберлік дәрістерін тұрақты түрде өткізу қолға алынған. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Жеті жарғы» Мәртөебедегі мәслихатта қабылданды
  • «Мамыр өте Мәртөбеге кел!»
  • Шымкент инвесторлар үшін тартымды қала
  • Үшінші мегаполисте тауар қоры жеткілікті
  • Шымкентте заманауи өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер