Игерілмеген жер мемлекетке қайтарылады

8.jpg

Сарығаш ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Отаршиевтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс болып өтті. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Бірінші мәселе бойынша аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Майрихов ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру шаралары туралы баяндама жасады. Аудан әкімі баяндамашыға аграрлық колледж ғимаратынан дайындалған 160 адамдық орында ҰБТ тапсырушыларға жағдай жасалып, түлектермен психологтар тұрақты түрде жұмыс жасауды тапсырды.

Екінші мәселе аудан аумағындағы игерілмей немесе мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және елді мекен шекараларына өзгерістер енгізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы ауданның жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Кукеев хабарлама жасады. Баяндаманы тыңдай келе аудан басшысы аудан аумағында игерілмей немесе мақсатына сай емес пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау мақсатында арнайы жұмысшы топ құрып, жұмысты жандандыруды тапсырды.

Айта кетері, былтыр халыққа арнаған Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:

- Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды.  Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс,-деген болатын. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер