5 жыл ішінде 110 210 га аумақ көгалдандырылады

Screenshot_1.jpg

Аптап ыстық, аңызақ жел. Климаты құрғақ аймаққа жататын Түркістанда егілген көшеттердің өзге өңірлермен салыстырғанда жерсінуі тым төмен. Әлемдегі жасыл желектің жерсіну көрсеткіші 70 пайызды құраса, шаһар аумағындағы деңгейі 50%-дан аспайды. Осылай деген ғалымдар көне қаладағы жасыл желектің көлемін арттыруды қос қолдап қолдауда. Киелі шаһарды жел эррозиясынан сақтап, экологиялық ахуалық тұрақтандыру және қолайлы климат қалыптастыру үшін қала айналасынан «Жасыл аймақ» құрылған. 

Жасыл желекті күтіп-баптау жұмыстарына айрықша назар аударылған. «Қаланың өкпесіне» айналатын 30 мың гектар аймаққа сан түрлі ағаш отырғызылады. Әр ағаштың түбіне тамшылатып суару жүйесі жеткізілуде. Қала аумағында ұңғымалар қазылып, су арналары жүргізілуде. Бірнеше су қоймалары салынып жатыр. Жасыл желектің тамыр жайып, жерсінуі үшін бау баптаған бағбандар тартылған. Қоршаған ортаны жақсарту үшін Түркістан облысының елді мекендерінде тұрақты негізде жасыл желектер отырғызу бойынша акциялар өткізіліп тұрады. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл  кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында Республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд түрлі ағаш көшеттерін отырғызу белгіленген.

Осыған сәйкес, облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, Кешенді жоспар қабылдады, онда 5 жыл ішінде 110 210 га аумақты көгалдандыруға 170 млн. ағаш көшеттерін отырғызу бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер