Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Қазығұрт аудандық филиалы жанындағы кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда күн тәртібіндегі басты тақырып "Ashyg" қосымшасы және оған аудан кәсіпкерлерінің қосылу деңгейі мен кейбір мәселелері қаралды.
Аудандық кеңес төрағасы Б.Абуов кәсіпкерлерге “Ashyq” қосымшасына тіркеліп, жұмыстарын жандандыруға шақырды.
Қазығұрт аудандық тауралар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қәуіпсіздігінің бақылау басқарма басшысы К.Усипбекова баяндамасында "Аshyg" қосымшасы бойынша аудандағы атқарылып жатқан жұмыстар мен кәсіпкерлер тарапынан кетіп жатқан кейбір кемшіліктерді болдырмау мақсатында оларға көмек көрсету жолдарына тоқталды. Жиында кәсіпкерлер және кеңес мүшелері тарапынын қойылған сұрақтар аз болған жоқ. Сұрақтарға толық қанды жауап берілді.
Еске сала кетсек «Ashyq» қосымшасы бизнес объектісіне шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Вирустың таралу қаупін азайту мен карантиндік шаралар кезінде кәсіпкерлердің қызметін жалғастыруға мүмкіндік беретін «Ashyq» жобасының негізгі артықшылық – қауіпсіздік. Жаңа жүйе QR-код арқылы азаматтардың мәртебесін, яғни вирусты тасымалдаушы болып табылатындығын немесе табылмайтындығын анықтайды.
Жоба шектеу шараларынан жұмысына тиым салынған кәсіпкерлік нысандар жұмысын жандандыруға мүмкіндік бермек. Яғни, ҚР бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес «Ashyq» қосымшасы арқылы қоғамдық тамақтану орындары, банкет залдары (50 адамнан аспайтын алаңмен), караоке сағат 02:00 ге дейін жұмыс жасай алады. Ал боулинг, бильярд, компьютерлік клубтар жұмыс режиміне шектеу қойылмайды.
Сонымен қатар жоба арқылы мәдениет объектілері, театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар, көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік алмақ.
Нысанға кіре берісте адам оның мәртебесін анықтау үшін QR кодын сканерлейді және түсіне байланысты, келушінің мәртебесін белгілейді. Түске сәйкес келушінің нысанға кіру-кірмеуі анықталады.
Кәсіпкерлер QR код алу үшін өтінімді infokazakhstan.kz сайты арқылы береді. Кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану объектілері, қосымша білім беру ұйымдары өтінімдерді салалық қауымдастық арқылы береді.