Түркістан облысы Қазығұрт ауданында «Қазығұрт – ынтымақ пен бірліктің ұясы» атты семинарда имамдар бас қосты. Жиналған қауым алдымен Сарапхана елді мекеніндегі «Мәңгілі ел» «Бабаларға тағзым» «Рухани жаңғыру» алаңдарын аралап көрді. Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жиналысқа ауданға қарасты аудан имамдары, ардагерлер кеңесінің мүшелері толығымен қатысты. Бас имам Еркебұлан Қарақұловтың басқаруымен өткен жиынға аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетов, Тарих ғылымдарының докторы, доцент, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің аға оқытушысы
Қайрат Анарбаев, Түркістан облыстық орталық Қожа Ахмет Яссауи мешітінің найб имамы
Самат Анарбаев, Аудандық ардагерлер кеңісінің төрағасы Аманбай Омаровтар қатысты. Мінберге алдымен аудан әкімінің орынбасары Тайбек Қалымбетова шықты. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 30 жыл. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Тәуелсіздік жылдары өзіміздің салт-дәстүрімізді дәстүрлі діни құндылықтарымызды қайта жаңғыртуға баса мән берілді. Тарихы терең, ата-баба дәстүрін ұстаған Киелі Қазығұрт жұртшылығы да тәуелсіздіктің арқасында биік шыңдарды бағындыруда,-деді Тайбек Әділбекұлы.