Медицинаның үздіктері марапатталды

200640432_1652170871839158_24400674765462442_n.jpg

Түлкібас ауданында медицина қызметкерлерінң төл мерекесінде осы саланың үздіктері марапатталды. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

  Аудандық мәдениет үйінде шырқаған әсем әндер мен жүрекжарды тілектердің барлығы ақ халатты абзал жандардың құрметіне айтылды.

Гиппократ антын өмірлік қағида етіп қабылдаған дәрігерлер сый құрметке ие болды.

«Дәрігерлер аллеясының» ашылу шарасынан соң, медицина саласының қызметкерлері аудандық мәдениет үйіне жиналып, мерекелік концертті тамашалады.

Саланатты шараның ашылу салтанатында алғы сөз алған аудан әкімі Нұрлан Байғұт күн-түн демей халықтың саулығы үшін бар күш-жігерін жұмсап жүрген жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, үздік сала мамандарын облыс әкімі мен аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ, жиында аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тұрлыбек Бердиев пен аудандық аурухананың бас дәрігері Бахыт Тұрлыбеков жиналған қауымды кәсіби мерекелерімен құттықтап, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының және денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапаттады.

Салтанатты шара жалғасы концерттік бағдарламаға ұласып, ақ халатты абзал жандар мерекелік көңіл-күйге бөленді.

Айта кетері, түлкібастық ақ халаттылар коронавирус індетіне қарсы күресте нәтижелі жұмыстарды атқарды. Түлкібас ауданы бойынша 13 екпе егу пунктерінде 25 медицина қызметкерлері мен ауыл әкімдіктері мамандарынан құралған бригадалар екпе егу жұмыстарын ұйымдастыруда. Бұдан бөлек 3 жылжымалы бригада ауыл-аймақты аралап жаман індетке қарсы екпе егу жұмыстарын жандандыруда.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер