Түлкібаста балық шаруашылығына ден қоюшылар көп

ACD_3274.JPG

Түлкібас ауданында балық шаруашылығы жақсы дамып келеді. Бұл туралы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Ж.Керімқұлов ақпарат құралдарына берген сұхбатында мәлім етті. 

-2021 жылы аудан көлеміндегі тоғандар мен көлдерде балық шаруашылығын дамыту қолға алынады.Аудан көлемінде бүгінде 7 шаруашылық балық өсірумен айналысуда. Олар: Арыс ауылдық округіне қарасты «First Fish Compani» ЖШС-гі балық зауыты, мұнда балықтың осетра, форель, сазан түрлерін өсіреді. Жабағылы ауылдық округіне қарасты «Нұран құрылыс» ЖШС балықтың карп, сазан түрлері, Балықты ауылдық округіне қарасты «Сансызбай» ШҚ сазан түрі, Келтемашат ауылдық округіне қарасты «Болат» ШҚ сазан түрі, Жаскешу ауылдық округіне қарасты ЖК «Кадыркулов Н» сазан түрі, Жабағылы ауылындағы «Талдыбұлақ» ӨК сазан түрі, Жаскешу ауылдық округіндегі «Юлдуз-2» ӨК Қарақшы мекеніндегі көлде балықтың сазан, ақ амур түрлерін өсірумен айналысуда.

Сондай-ақ, ауданда мал бордақылау саласында да ауыз толтырып айтарлық тірілктер бар. 

-Алдағы уақытта мемлекеттен беріліп жатқан мүмкіндікті пайдалана отырып, алма бау шаруашылығын дамыту, мал, егін шаруашылығын өнімдерін арттыру, суармалы жер көлемін ұлғайту, бос жатқан жерлерді мемлекетке қайтару, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өндейтін кәсіпорындар ашуды қолға алуымыз керек,-деді бөлім басшысы. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер