Түлкібаста құлпынай егу өркендеп келеді

8.jpg

Түлкібас ауданында  соңғы жылдары құлпынай егу ісі ерекше қарқынмен дамып келеді. Бұл туралы «Шамшырақ» газеті хабарлады.

Олай дейтініміз сәуір және мамыр айларында елді мекендерді аралағанда осындай істі терең меңгеріп алған диханшылардың бауында болып, өнегелі істің куәсі болдық. Бұл жөнінде өткен аптада газеттімізде жариялаған материалды ұсынып отырмыз. Үй іргелік жерлерді тиімді пайдалану мақсатында өткен жылдан бастап аудан әкімдігінің қолдауының арқасында семинарлар өткізіліп, аталған бастама аясында аудандағы бірқатар шаруалар бос жатқан жерлерге көкөніс егіп, напақасын тауып жүр. Түлкібас ауданы - ауылшаруашылық саласына қолайлы өңірлердің бірі. Осы мақсатта аудандағы суармалы немесе үй іргелік жерлерге көкөніс егуге мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, жыл басынан бері қайтарымсыз грантқа 50 азамат ие болып, түрлі кәсіп ашты. Көпке үлгі боларлық өнегелі істі ауданға қарасты Шақпақ баба ауылының тұрғыны Ж.Ештаев қолға алып, құлпынай жылыжайын салып, сатылымға шығаруда. Ж.Ештаев өткен жылы мемлекеттік қолдауды тиімді пайдаланып, үй іргесіндегі жерге тамшылатып суару әдісін орнатып, өз кәсібін дөңгелетіп отыр.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер