Жаңғыру-жазудан басталады

7.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында:

-Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи¬да¬ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді. Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын. Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер,-деген болатын.

 Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастырумен «Жаңғыру – жазудан басталады» атты латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін түсіндіруге бағытталған дөңгелек үстел «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқу залында өткізілді. 

Дөңгелек үстелге дербес бөлім мамандары, Түлкібас аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары және аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері қатысты. 

Іс-шара барысында қатысушылар жетілдірілген әліпбимен танысып, диакритикалық таңбалардың атаулары, мағыналары түсіндірілді. Іс-шара соңында қатысушылар латын графикасында берілген сөздерді оқып, көз дағдыларын қалыптастырды.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер