Аналардың мәселесі әрдайым назарда

6.jpg

«Мемлекет үшін және менің жеке өзім үшін де ананы қорғау – ерекше мәселе. Қымбатты ханымдар! Сіздер – отбасының, демек, мемлекеттің тірегісіздер. Еліміздің болашақта қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қандай тәрбиені сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен, біз қыздарымыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшылары». Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында осылай деген болатын.   

Жуырда Түлкібас  аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, аудандық әжелер алқасының, аналар және іскер әйелдер кеңестерінің жоспарға сәйкес кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Түлкібас аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кездесуге аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, аудандық әжелер алқасы, аналар және іскер әйелдер кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 2021 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқаратын жұмыстары туралы аудан әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, әжелер алқасының, аналар кеңесінің аудандық әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің есептері тыңдалды. Кездесу барысында баяндама жасаушылар жас ұрпаққа тәлім тәрбие беру мақсатында өз жұмыстарымен таныстырып, пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер