Балбал тас мұражайға тапсырылды

19.jpg

Шардара ауданының аумағынан табылған балбал тас Шардарадағы жергілікті өлкентану мұражайына табыс етілді. Көне замандардан бүгінге жеткен құнды жәдігер енді осы жерде сақталатын болады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Шардара ауаны аумағынан табылған балбал тас біздің заманымыздағы І-ІІІ ғасырларға тиесілі. Көне ескерткіш өз заманының атақты қолбасшысына арнап жасалуы мүмкін, деген де болжам бар. Өйткені балбал тас бетінде әскери бас киім анық бейнеленген. Табылған тас мүсін мұражайдан орын алып, облыстық тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізу жөнінде құжаттар әзірленіп жатыр. 

Көне жәдігерді тапқан жер иесі – Төребековтер әулеті. Тасты Шардара су қоймасына жақын маңдағы Шекертөбе жерінде мал бағып жүріп, тауып алған. Тас мүсінді шаруа қожалық иесі мұражайға аман етті. Құнды жәдігер табылған аумақта қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін. 

Балбал –көне замандарда  тастан қашалып жасалған адам бейнесіндегі ескерткіш. Яғни соғу, қағу, ұру дегенді білдіретін қос сөзден тұрады. Түркологтардың пікірінше, балбал сөзі «тасты тіп-тік етіп қадап орнатқан белгілер» деген мағынаны білдіреді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер