Сақтық шараларын күшейту қажет

20.jpg

Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, аудан прокуроры және басқа да құзырлы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Жиында негізінен күн тәртібінде тұрған аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің 2021 жылдың 5 айында атқарған және атқаратын жұмыстары туралы ( дала өрті , суға шолмылу маусымындағы қауіпсіздік шаралары және тағы да басқа мәселелер) және аудандық ветеринария саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы туралы өзекті тақырыптар бойынша баяндама тыңдалды. 

Шардара ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің азаматтық қорғау майоры Абай Сатбаев суға шомылу маусымының басталуына байланысты баяндама жасады. Сондай-ақ, заңсыз шомылуға арналған демалыс орындарын тексеру, шомылуға тиым салынған орындарды бақылауға алу, газ қауіпсіздігі бойынша және орман және дала өртінің алдын алу шараларының ұйымдастырылу барысымен таныстырды.

Аудан басшысы аудандық Төтенше жағдай бөлімінің басшылығына тиісті тапсырмалар беріп, оттан және судан төнетін тілсіз жаумен күрес шараларын барынша күшейту керектігін атап айтты. Сондай-ақ, суға шомылу маусымында шомылуға тыйым салынған орындарды жиі-жиі тексеріп, бастысы адам шығынын болдырмау керектігін қатаң ескертті. Бұдан бөлек аудан прокуроры Р.Әбдірайымов келеңсіз жағдай орын алғандағы бірқатар заңдылықтарға тоқталып, қауіпсіздікті сақтау үшін барынша тәртіппен және заңды түрде тиісті шараларды атқару керектігін айтты. 

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев, аудандық ветеринариялық инспекцияның басшысы К.Айтмұратов, аудандық ветеринариялық қызметінің басшысы Б.Мыңбатыров аудандағы ветеринария саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында малдардың және өзге де үй жануарларының ауруларына қарсы жасалып жатқан шараларға тоқталып, әр мезгілде туындайтын аурулармен күрес барысындағы өзекті мәселелерді айтты. Тарқатып айтқанда: аудандағы мүйізді ірі қара мал , жылқы,уақ малдарды ( қой , ешкі ) толық есепке алу, ветеринарлық төлқұжаттары беру, мал базарларға кіретін малдардың ветеринарлық төлқұжаттарын және малдар дәрігерінің анықтамасымен кіруді қадағалау, сібір жарасы, аусыл, құтыру және тағы да басқа ауруларға қарсы егу жұмыстарын толық әрі сапалы жүргізу және басқа мемлекеттен немесе аудандардан келген малдарды оқшаулау жұмыстарын ұйымдастырды толықтай қолға алу керектігі айтылды.

Аудан әкімі мәжілісті қорытындылап, көтерілген өзекті мәселелерге байланысты жауапты мекеме басшылығына тапсырмалар берді.




Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер