Өмірзақ Шөкеев: 40 мың жаңа жұмыс орны ашылады

«Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қалыптастыру жөніндегі жұмыстың бірінші кезеңі аяқталды деп айтуға болады. Екінші кезеңі ретінде Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспары бекітілді. Жобаға 145 іс-шара енгізілді», - деді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығында өткен Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.

image.png

Облыс әкімінің мәлімдеуінше, Түркістанның негізгі әлеуметтік инфрақұрылымы қаланды. Жалпы 445 млрд. теңгеге 257 жаңа нысан салынды, оның ішінде жаңа халықаралық әуежай, әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталықтар, Б.Саттарханов даңғылы қайта жаңартылды, еркін экономикалық және индустриалды аймақтар құрылды, Түркістан қаласы толық газдандырылды, қаланың айналасында 13 мың гектарға жасыл белдеу құрылды, 3,5 млн. ағаш отырғызылды.

Кешенді жоспарға сәйкес бекітілген 145 іс-шараны жүзеге асыруға 3,9 трлн. теңге бағытталмақ. Оның ішінде жеке инвестициялар - 2,5 трлн. теңге. Кешенді жоспар аясында алдағы 5 жылда мұнай өңдеу зауыты, химия кешені, тұрмыстық техника шығаратын зауыт салынады және Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру жоспарлануда.

Жаңа Кешенді жоспарды іске асыру нәтижесінде 2025 жылы ЖӨӨ-нің көлемі 3,6 трлн. тенгені құрайды. Жыл сайын 40 мың жаңа жұмыс орындары ашылады, жалпы халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететін болады. Ұзындығы 50 шақырымға жуықтайтын «Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолы», ұзындығы 102 шақырымнан асатын «Сарыағаш қаласының айналма жолы», ұзындығы 30 шқ. «Түркістан қаласының шығыс айналма жолы», Түркістан-Шымкент-Ташкент жүрдек теміржол магистралі салынады деп жоспарлануда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер