Былтыр Жетісай ауданы бойынша мемлекеттік грант алғандар саны – 1418 адамға жеткен. Осы азаматтарға мемлекет қазынасынан 786,573 млн. теңге төленіп, тиісінше олар өздерінің жеке кәсіптерін бастаған. Аудан бойынша жұмыспен қамтылған азаматтардың ішінде 19-29 жас аралығындағы жастар – 409 болса, аз қамтылған отбасы мүшелері – 663, Көп балалы отбасылар саны - 327, жұмысқа жарамды мүгедектік тобы бар адамдар саны – 18 азаматтарды құраған.
Сондай азаматтарымыздың бірі мемлекеттік грант жеңіп алып,2 жылдан бері өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған, кондитерлік өнімдерін пісіріп сатумен айналысатын «Нәзік Бекери» сауда орталығының басшысы Шұлғауова Қарлығаш, бүгінде 15 дамды тұрақты түрде жұмыс пен қамтамасыз етіп отыр. Мұнда кәдімгі бәліштен бастап, мерекелік дастарханға қажетті тәттілердің кез-келген түріне тапсырыс беруіңізге болады.
Жоғары да атап өткен 1418 азамат төмендегі салалар бойынша грантқа қол жеткізген.
Кәсіпкерлік жобасы бойынша құрал жабдық сатып алуға – 97, техникалық құрал сайман алуға – 248, мал және құс шаруашылығымен айналысушылар саны – 1073 жоба қаржыландырыған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы шеңберінде 2020 жылы жалпы 8666 адамды қамту жоспарланған. 12 айда бұл көрсеткіш 10530 адамға жетіп жылдық жоспар 121,5% болып артығымен орындалды.