Таңның атысы кештің батысы тынымсыз жұмыс істейтін, еңбекқор Жетісай халқының негізгі тыныс-тіршілігі ауылшаруашылығы саласы болып табылады. Аудан да жалпы 25 түрлі дәнді және бақша дақылдары егіледі. Солардың басым бөлігі мақта болып табылса. Қалған бөлігі әртүрлі жемістер, көкөніс пен бақша дақылдары болып табылады.
Жетісай ауданының шаруалары да әлемдік озық тәжірибелерді ауыл шаруашылығына енгізу бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Әлемдік озық тәжірбиені тиімді пайдаға асырып отырған Жолдасбай Ералиев ауылдық округінде орналасқан "Шынар" шаруа қожалығы. Мұнда биыл 12 гектарға осы тамшылатып суғару әдісі бойынша, ерте пісетін 4 гектарына қырыққабат, 8 гектарына дарбыз егілген.
- "Тамшылатып суғару бізге барлық жағынан тиімді. Алдын бізде суғаруынан бастап, дұрыс пісіп жетілуі үшін беретін дәрілерімен витаминдеріне дейін 2 есе шығын кететін. Осы жұмыстардың барлығына 7 күндей уақыт жұмсайтынбыз. Қазір барлығын ұзағымен 1 күнде аяқтаймыз. Алатын өніміміз де мол" - дейді Шынар шаруа қожалығының төрағасы Төлбаев Садриддин.
Қосымша мәлімет айта кететін болсақ, Жетісай ауданы бойынша 78,9 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі. Бүгінгі таңда 965 га алқапқа қырыққабат, 1 га қызанақ, 9 га алқапқа картоп дақылдары егілді. Оның ішінде 47 га алқапқа тамшылатып суғару әдісімен қырыққабат дақылы егілген. Одан бөлек 19 га алқапқа ерте пісіетін бақша дақылыдары егілуде.
Оның 17 га қауын, 2 га тамшылатып суғару әдісімен қарбыз дақылдары егілді. Көктемгі агротехникалық жұмыстары жалғасуда. 41 мың га алқапқа сор шаю жқмыстары жүргізілді. 782 га алқапқа жоңышқа дақылы егілді.