Түркістан: Жыл басынан бері 170 млрд.тг. ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді

Ауыл шаруашылығында 5 айда 170 млрд.-тан астам теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3% - ға артты. Оның ішінде: мал шаруашылығының жалпы өнімі - 136,6 млрд. теңге, өсімдік шаруашылығының жалпы өнімі - 31,1 млрд.теңгені құрады. Салаға 15,3 млрд. теңге инвестиция бағытталып, өткен жылмен салыстырғанда өсім 2 еседей артты. Елімізді отандық өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылға дейін құны 810 млрд.тг 93 инвестицялық жобаны жүзеге асыру іс-шарасы қабылданды. Биыл құны 83,5 млрд.тг 36 жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

image.png

- Биыл егіс көлемі 845 мың га құрап, жоспар 100% орындалды. Жаңадан 54 га жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1 300 га құрады. Қазіргі таңда аумағы 74 мың тн өнім өндірілді. 3 мыңға жуық шаруашылық жылына 2-3 өнім алады. Қазіргі таңда 100 мың тоннаға жуық көкөніс өнімі жиналып, екінші өнімге агротехникалық іс-шаралар атқарылуда, - деді Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде өткен баспасөз мәслихатында.

Азық-түлік белдеуі аясында 11 мың га жаңбырлатып суару технологиясын ендіру көзделген. «Түркістан қаласы аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру» жобасы аясында 35,5 млрд. теңге 6 ірі жоба жүзеге асырылуда. Мал шаруашылығында мал басының тұрақты өсімі сақталуда. Тиісінше, ет өндірісі – 4%-ға, сүт – 3,1%-ға, жұмыртқа – 8,5%-ға артты. Жалпы жыл қорытындысымен ауыл шаруашылығы өнім көлемі 850 млрд.теңгеге жеткізілетін болады. Еңбек өнімділігі 19% артып, жылдық жоспар толық орындалды.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер