Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан Түркістан облысы Сайрам ауданында орта білім беру ұйымдарында оқу сабақтары 25 мамыр аяқталды, соңғы қоңырауға 9, 11 сынып бітірушілері қатысты. Салтанатты жиын санитарлық талаптарды сақтай отырып, мектеп аулаларында өткізілді. 73 бітіруші «Алтын белгі» иегерлері, 106 түлек «Үздік аттестат» иегерлері атанды. Бұл туралы Сайрам аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шадиева Құралай Балтабайқызы арнайы өткізілген брифингте мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда 73 мектепке дейінгі ұйымдарда 272 топта 3469 тәрбиеленуші тәрбиленуде. Мектепке дейінгі ұйымдарда 1-6 жас аралығында 12630 бала қамтылып, ол 93,8 %-ды, оның ішінде 3-6 жас аралығында 9981 бала қамтылып, ол 100 % -ды құрады, мемлекеттік бағдарламаға сәйкес индикатор толығымен орындалды. 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, контингенті 300 оқушыға дейін 13 мектепте балалар санын 25 адамнан асырмай 2657 оқушы толық дәстүрлі форматта, 63 орта мектептерде 58210 оқушы сыныптардағы балалар санын 25 адамнан асырмай аралас форматта оқыды. Аудандықсанитариялық-эпидемиологиялық басқармасының хатына сәйкес аудандағы барлық мектептерде короновирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында 0,1-8,10 сыныптар толығымен 28.04.2021 жылдан бастап -25 мамырына дейін, ал 9,11 сынып оқушылары мамыр айының 11 не дейін онлайн, 11-25 мамыр арлығында мемлекеттік емтихан тапсыруларына байланысты санитариялық талаптарды сақтай отырып оффлайн форматында оқу жылын аяқтады»,- деді Құралай Балтабайқызы.
Оқушылар үйінің балансындағы қала сыртындағы сауықтыру лагері 3 ай көлемінде 6 ауысымда жұмыс істейді. Жалпы, жазғы демалыс уақытында жоспарланған бала саны - 1800, мұның ішінде 300 бала ата-ана есебінен демала алады. Қалған 1500 бала - тұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар.
Брифингте бөлім басшысы аз қамтылған және көпбалалы отбасының балалары лагерьге жолдамамен тегін қамтылатынын атап өтті.