Түркістанда тұрғындарға қызмет көрсететін орталықтар көбейді

6 Сектор - қала аумағындағы өзекті мәселелерді бақылауға алып, жүйелі түрде шешуге ықпал ететін орталықтарға айналатын болады.

image.png

Бұл бойынша шаhар басшысы Нұрбол Әбдісаттарұлы тиісті мамандарға "Яссы", "Сауран", "Шавгар", "Бекзат", "Отырар", "Бірлік" секторлары бөлінісін әзірлеуді тапсырды.

"Халықпен жұмыс жүргізу секторларында" 30-дан аса азамат жұмыспен қамтылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатпақ.

Қызметкерлер халықпен коммуналдық мәселелер, тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, табиғи газды пайдалану туралы ақпараттар ұсынып, көшелердің көгалдандырылуы, абаттандырылуы, тазалығының үйлестірілуін қамтамасыз етеді, аумақтағы тұрғындардың мәселелерін назарға алып, шешілуі үшін жұмыс атқаратын болады.

Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков секторлар орналасатын ғимараттарды аралап, қызмет көрсету мүмкіндігі мен деңгейін саралады, мамандар және келуші тұрғындар үшін оңтайлы жағдай жасау бойынша нақты тапсырмалар берді.

- Бұл - әр тұрғынның кез-келген уақытта келіп, өз мәселесін ашық жеткізе алатын орталыққа айналуы тиіс. Әрі, ешқандай мәселе назардан тыс қалмауы керек. Секторларда азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмысын да қолға алғанымыз абзал - деді қала басшысы өз сөзінде.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Туризм – тазалықтан басталады
  • Инвесторлар туристік нысандарды аралады
  • Демалыс аймақтары тазаланды
  • Сарыайғырдың сыры бөлек
  • Туристердің қауіпсіздігі басты назарда
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер