Ордабасы ауданы аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау шараларын жүргізу мақсатында ауылдың белсенді азаматтары (келісімі бойынша) енгізіле отырып, аудан әкімінің 14.06.2021 жылы №24 шешімімен мобильді топтар құрылды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс әкімінің №1-45 хаттамалық тапсырмасын жергілікті деңгейде орындалуын іске асыру мақсатында аудан әкімінің орынбасары Қ. Сейітқұлдың төрағалығымен заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу, құқық бұзушылықтарды анықтау бойынша қабылданып жатқан шаралар тақырыбында жиын өтті.
Жиынға мобилді топтың жетекшілері мен мүшелері қатысты. Күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жұмысшы топтың төрағасы атқарылған жұмыстарды жоққа шығара алмайтындығын, дегенмен жұмыс қарқынын күшейту бойынша нақты шаралар атқару керектігін айтты.
Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылармен күресу жөніндегі мобильді топтар тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бекітілген алгоритмге сәйкес жұмыс жүргізу керектігін айтып, нақты тапсырмалар берді.
Айта кетері, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бероегн тапсырмасына сәйкес аудан, қалаларда жерді пайдалану заңдылығына тексерулер жүріп жатыр. Жерді пайдалану тәртібін бұзғандарға, жер қойнауыз заңсыз игергендер, жерін ормен қоршап, табиғатқа зиянын тигізгендерге қатаң шаралар көрілуде.