Мал азығын дайындауға баса мән берілуде

6.jpg

Биыл климаттың құрғақ болуы, жауын-шашынның аз түсуі, ауа райының қолайсыздығы ауыл шаруашылығымен айналысушыларға қиындықтар әкелуде. Ағын су тапшылығы байқалуда. Шөп жылдағыдан нашар шықты. Табиғи шөптің қурап кетуі салдарынан республикамыздың өзге өңірлерінде мал азығының тапшылығы байқалды. 

Осыны ескерген аудан әкімінің орынбасары Қ.Сейтқұл Темірлан ауылында мал азығын өсіруші, агроқұрылым төрағаларымен кездесу ұйымдастырды. Онда аудан көлеміндегі мал шаруашылығымен айналысатын шаруаларға мал азығын сату бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

 Бірінші кезекте, аудан көлемінде орналасқан шаруалар мен тұрғындарға мал азығымен қамту жөнінде 17 маусымнан бастап, әзірлеуші шаруа қожалық төрағалары және мал шаруашылығымен айналысатын шаруалардың қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Жалпы ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемін 65 780 га орналастыру жоспарланса, бүгінгі күнде нақты 65 904 га орналастырылып жоспар 100,2 пайызға орындалды. Оның ішінде мал азығы дақылдарының үлесі 71 пайыз яғни 46 705 га құрайды.

 Бұл ретте, аудан көлеміндегі шаруалармен тұрғындарға мал азығымен қамту және сату бойынша өнім көлемі ауданды толығымен қамтылатын болады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер