Ордабасы – жылыжайлардың отанына айналады

7.jpg

«Елнұр Айдар» шаруа қожалығы алма бауынан бөлек тропикалық жемістер лимон мен анар өсірумен айналысуда. Ордабасы ауданы Қажымұқан елді мекенінде орналасқан аграрлық-өнеркәсіптік кешенде 34 млн теңгелік жоба жүзеге асып, 3 гектар алқапқа алма, 1 гектарына анар және 700 түп лимон егілген. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Кооператив өткен жылы 3 гектар алма бауынан 2 тонна алма, 0,5 гектардан 15 тонна лимон (5-6 жылда өнім көлемін 60 тоннадан асыру жоспарланған) жианаған. 

Шаруашылық кешенінің басшысы Бахытжан Утанбаевтың айтуынша 1 гектарға отырғызылған анар көшетінен 500 келі өнім ( 5-6 жылдан соң 20-30 тонна өнім алу көзделген) алған. 

Қазіргі таңда аталған шаруашылықта 7 адам тұрақты жұмыс істеуде. Айлық орташа жалақысы 80-100 мың теңге көлемінде. Алдағы уақытта аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің дайын өнімдері Шымкент қаласы мен республиканың өзге өңірлеріне сатылмақ. 

Ал Ордабасы ауданының орталығы Темірлан ауылындағы  орталық алаңда "Жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы" тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтуде. Жәрмеңкеге шығарылған өнімдер нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағада сатылды. Мәселен,

қой еті 2000 тг; картоп 190 тг; сәбіз 430 тг; жуа 90 тг; жұмыртқа қорабы 800-1000 тг; күнбағыс майы (5 литр 3800 тг; 3 литр 2800 тг); бал 1200 тг; қияр 90 тг; қызанақ 230 тг.

 Әр аптаның сенбі күндері аудан тұрғындарына арзан бағада тауар ұсынатын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп тұрады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер