«Шымкент-Сайрам» автомобиль жолы пайдалануға берілді

Түркістан облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкент-Сайрам» бағытындағы 8 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолына қайта құру жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға беріліп отыр.

image.png

Мердігер мекеме - «Отау Строй» ЖШС-і. Жөндеу жұмыстары барысында аталған жолдың ені 7 метрден 14 метрге және жолдың 3,6 шақырымындағы жер үсті темір жол өткелі 7 метрден 24 метрге кеңейтілген. Жөндеу барысында, аталған жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілерге арналған аяқ жолдар салынып, диодты жарықтандыру шамдары орнатылған.

Сонымен қатар, жасанды жол кедергілері, бағдаршамдар, заманауи үлгідегі аялдамалар мен жаңа жол белгілері орнатылып, жол таңбалары сызылды. Қайта құру жұмыстарының нәтижесінде аталған жолдағы көлік кептелісі жойылып, қауіпсіз әрі қолайлы қозғалыс қамтамасыз етілмек.

Сондай-ақ, Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы 6 елді мекенде биыл жартыжылдықта 12 шақырымға жуық аяқжол салынды. Атап айтқанда, Азаттық ауылы, Састөбе кенті, Амангелді ауылы,Шұқырбұлақ ауылы, Арыс және Балықты ауылдық округтерінде жұмыстар атқарылған. Аудан тұрғындары тарапынан жиі көтеріліп жүрген мәселе бойынша жергілікті әкімдік тиісті шешім қабылдап, биыл сәуір айында жол құрылыс жұмыстары басталған. Тұрғындар атқарылған жұмыстарға алғыстарын білдіруде. Алдағы уақытта аудан аумағындағы басқа да елді мекендерге аяқжолдар салу жұмыстары жүргізілетін болады. Бірінші кезекте қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында халық көп шоғырланған және көлік қозғалысы жиі жолдардың бойындағы елді мекендерге басымдық берілмек.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Аудан әкімі этнос және қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті
  • Этносаралық шиеленістердің алдын алу маңызды
  • Тіл мерекесі аталып өтті
  • Бала тәрбиесі - қоғам назарында!
  • Ұлтты сүю - иманнан
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер