Түркістан мен Ташкент арасында теміржол салынады

Түркістан қаласында туризм саласын дамыту, оның әлеуетін арттыру әрі туристерге тартымды ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып отыр.

image.png

2025 жылға дейін Түркістан, Шымкент және Ташкент арасында жоғары жылдамдықты теміржол жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұл жобаны іске асыру екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық пен туризмді дамытуға оң әсер береді, - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Сонымен қатар өңірде Түркістан, Кентау қалалары мен Отырар, Ордабасы, Бәйдібек аудандары бағытында тарихи-танымдық туризмі, Сарыағаш курортты аумағында емдік-сауықтыру туризмі, Түлкібас, Төлеби, Қазығұрт аудандарында экологиялық туризм түрлері қарқынды дамып келеді. Соның бірі ретінде туризмді дамытудағы алар орны ерекше «Қасқасу туристік-рекреациялық кешені» жобасы іске асырылуда.

Жоба туристік саланы дамытудың 2019 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының өңірлік маңызы бар туристификациялау картасының ТОП – 50-іне енгізілген. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында республикада теңдесі жоқ көпфункционалды «Керуен-Сарай» туристік кешені іске қосылды. Кешен өңір экономикасын дамытуға елеулі үлес қосып, жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді, - деді ол

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Сайрамда бірқатар азаматтар марапатталды
  • «Мәңгілік жаса, қыран елім Қазақстан» шарасы өтті
  • Ақындар елдікті жырлады
  • Туған жерді түлету - жастардың қолында
  • Балаларды отансүйгіштікке баулу парыз
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер